Қанжығалы – Қызылтас тауларының оңтүстік-батысындағы шоқылы таулар.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылының оңтүстік-шығысында 46 км жерде орналасқан. Ең биік жері – 835 м (Керегетас тауы). Доға тәрізді тау солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 16 км шамасында созылып жатыр, енді жері 3 – 4 км.
Жер бедері Беткейлері тіктеу, тізбектелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстігiнде Қотырселтей, батысында Киікбай, оңтүстігінде Кепкен таулары орналасқан.
Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында қараған бұтасы аралас жусан, бетеге, т.б. шөптесіндер өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары