Қыпшақ, Әжібайсор – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде. Теңіз көлінің оңтүстік-батысында 25 км жерде, теңіз деңгейінен 315,2 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 47,0 км2, ұзындығы 10,5 км, ең енді жері 8,5 км, жағалық сызығының ұзындығы 37,2 км. Су жиналатын алабы 3151 км2. Көл жағалауы жайпақ, батпақты. Суы тұзды. Көлге Қыпшақ, Аққошқар өзендері құяды. Төңірегінің көпшілік жері жазда сорға айналады. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Жауын-шашын мол жылдары Қыпшаққа Қарақойын, Лизылысай өзендері құяды да аумағы 64,7 км2-ге жетеді. Алабы – жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы