Шамалған – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысының Қарасай ауданы аумағындағы өзен. Ұзындығы 88 км, су жиналатын алабы 526 км2.

Бастауы Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан басталып, Қасқажол төбесі тұсында Қаскелең өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары жоғары ағысында таулық сипатта, тар шатқалды, таудан сағасына дейін бірте-бірте кеңейеді. Мұздық, қар, жаңбыр суымен толығады. Кішігірім 86 саласы бар. Көп жылдық орташа су ағымы Шамалған ауылынан 6 км жоғарыда 1,30 м3/с; тасынды өтімі 0,52 кг/с. Сел қаупі бар өзендердің бірі. Өзен суы бойында орналасқан елді мекендердің тұрмыстық-шаруашылық қажеттерін өтеуге, егістік, шабындық жерлерді суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы өзендері Санат:Іле су алабы