Иван Родионович Полывянный (18.1.1923, Aқмола облысы – 2004, Алматы қаласы) – техника ғылымының докторы (1976), профессор (1981), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982). 1949 Қазақ тау-кен және металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1953-1992 Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында ғылым қызметкер 1992-2002 ҚР Инженерлік академиясының сараптау және болжау ғылыми-зерттеу орталығының директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектер 580-нен астам ғылыми жарияланымның, 14 монографияның авторы. 90 авторлық куәлік пен 10 патенттің иегері. Марапаттар Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972).«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер