Windows XP (жасалу кезіндегі кодтаулы аты — Whistler; ішкі нұсқасы — Windows NT 5.1) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 2001 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 2000 Professional дамытылған түрі болып саналады. XP атауы сөзінен шыққан (тәжірибе).
Windows XP – бұл бұрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft амалдық жүйесі. Windows XP екі нұсқасы бар: жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған Windows XP Home және неғұрлым күрделі есептеулерді жүргізуге арналған недәуір жетілдірілген Windows XP Professional.
Windows (тікелей аударғанда – терезе) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows XP пайдаланушы қажеттіліктеріне недәуір бейімделген, оның тілдесуі недәуір қызықты, алдыңғы жүйелермен салыстырғанда мүмкіндіктері недәуір кеңірек. Әдетте жүйе бір мәселе шешімінің үштен артық нұсқасын ұсынады.Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 2007 ж. Құрылуы Windows XP өзінен бұрыңғы операциялық жүйе Windows 2000-мен тығыз байланыста. Windows XP кернелі Windows NT-нің 5.1 нұсқасына сүйеніп жасалған. Windows XP-дегі әйгілі сыртқы тақырып — жасыл төбешік пен бұлтты көк аспан тақырып — Bliss деп аталады. ол тақырып 1996 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында Чарльз О'Реал атты фотограф суретке түсіріп алған. thumb|left|310px|Windows XP 64-bit SP1 экрані Алғашқы нұсқасы x32 архитектурамен жарыққа шығып, кейін x64 архитектурасы жарыққа шықты. Windows XP-нің алғашқы нұсқалары Home Edition мен Professional болды. Дереккөздер
Санат:Операциялық жүйелер Санат:Microsoft Windows