Матвей Моисеевич Розманов(20.8.1902, Ресей, Краснояр өлкесі, Канск қ. – 25.5.1981, Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1970), проф. (1971), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiң. экономисi (1967). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Иркутск мемл. ун-тiн бiтiрген (1926). Алматы қ-ның облысы соты жанындағы қорғаушылар алқасының мүшесi (1926–29), Қазақ КСР-i Сауда мин-лігінде жауапты қызметкер (1930–40), ҚазМУ-да (1953–63, қазіргі ҚазҰУ), Алматы халық ш. ин-тында (1963–82, қазіргі Қазақ экон. ун-ті) кафедра меңгерушісі болды. «Проблемы рациональной организации снабжения товарами» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 1960 ж. Р-тың басшылығымен Қазақ КСР-i жоғары оқу орындары жүйесiнде «Сауда экономикасы» атты тұңғыш кафедра ашылды. Оның ғыл. жұмысының негізгі бағыты – кеңес саудасы мен тұтыну кооперативінің теориясы мен практикасы мәселелері. 100-ден астам ғыл. еңбектің, соның iшiнде бiрқатар монографиялар мен оқу құралдарының авторы.
Санат:Тұлғалар