Мұханмадияр Серікбекұлы Орынбеков (28.7.1946 жылы туған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы) – философия ғылымының докторы (1989), профессор (1994).
Ысты руынан шыққан. Оқу жолы
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1968).
Жұмыс жолы Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер (1967–1969, қазіргі Философия және саясаттану институты), аспирант (1969–1972), аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1972–1995) болды. 1995 жылдан ҚазҰУ-да профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер
1988 жылы «Идея субстанции в научно-техническом познании» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми ізденістерінің басты бағыттары – таным теориясы, ұлттық философияның тарихы,Абайдың ғылыми мұрасы мен ұлы ойшылдардың дүниетанымы. 60-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның (мыс., «Философские воззрения Абая», 1995; «Ежелгі қазақтың дүниетанымы», 1996; «История философской и общественной мысли Казахстан с древнейших времен по ХІІ век», 1997; т.б.) авторы.
"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>
Санат:Тұлғалар Санат:1946 жылы туғандар