Қаби Оқаев(2.9.1929, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утеры кенті-22.12.2017, Алматы) – педагог, экономика ғылымының докторы (1975), профессор (1978), КСРО Жоғары мектебінің үздігі (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995).
Оқу жолы (1999) ғылым академияларының академигі. ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Жұмыс жолы ҚазМУ-да оқытушы, аға оқытушы (1959–1963), Алматы халық шаруашылық институтында декан (1963–1964 және 1970–1987, қазіргі Қазақ экономика университеті), доцент (1967), кафедра меңгерушісі (1975–2005) болды;2005 жылдан профессор қызметін атқарады
Ғылыми еңбектер «Система экономических рычагов и проблемы стимулирования использования основных фондов (по материалам промышленности Казахстана)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оқаев өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы өндірісі, шаруашылық есеп қатынастарын, экономиканы басқарудың шаруашылық тетігін жетілдірудің экономика заңдылықтарын зерттеумен айналысып, осы салалар бойынша Қазақстанда ғылыми мектепті қалыптастырды. Окаевтың өнеркәсіп саласындағы ұсыныстары мен әдістемелері Қазақстанның машина жасау, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында енгізілді. 250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 15 монографияның авторы. Марапаттар «Құрмет Белгісі» орденімен (1986), медальдармен марапатталған. Шығармалары Шығармалары: Эффект технического перевооружения, АУЫЛЫ-АУЫЛЫ, 1988; Экономика промышленного предприятия (соавт.), АУЫЛЫ, 1994; Предпринимательство в Республике Казахстан (соавт.), АУЫЛЫ, 1999."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:2 қыркүйекте туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Құрманғазы ауданында туғандар Санат:22 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:2017 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Жаңа экономикалық университетінің профессорлары Санат:КСРО жоғары мектебінің үздіктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Жаңа экономикалық университеті оқытушылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері