Ұяшөп , ұялы шөп () – сүйсіндер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктердің бір туысы. Ұялы шөп сапрофиттық жолмен күн көреді. Мұның жерге төселіп жатқан тамыр сабағының бетіне етженді тамырлары ұйысып, құстың ұясы тәрізденіп өседі, сондықтан мұның аты соған қарай қойылған. Ұялы шөптің 9 түрі бар, бұрынғы КСРО-да солардың 4 түрі өседі, олар көбінесе Еуропа мен Азия жерінде өседі.
Тағы қараңыз
Дереккөздер Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Санат:Сүйсіндер