Қоржынтау - Кенді Алтайдың Қазақстан мен Ресей (Алтай Республикасы) жеріндегі жотасы.
Жер бедері Ұзындығы 100 км-дей. Ең биік жері 2598 м.
Геологиялық құрылымы Метаморфтанған шөгінді жыныстардан тұрады, тақтатас пен құмтастың қалың қабатында граниттік интрузия сақталған.
Өсімдігі 2100 м биіктіктегі беткейлерді самырсын аралас майқарағай мен шыршалы қалың таулы тайга көмкеріп тұрады. Орманды белдеуден жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар мен мүкті-қыналы тау тундрасы таралған; қара Кенді Алтай, Алтай. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Қазақстан таулары Санат:Ресей таулары