Ұзын, Ұзын Қыпшақ — қыпшақ тайпасынан тараған ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі. Ұзын туралы алғашқы деректер Константин Багрянородныйдың “Мемлекетті басқару хақында” деген тарихи еңбегінде кездеседі (10 ғ-дың ортасы). Оған қарағанда Ұзындар 9 ғ-да Еділ мен Жайық арасын жайлаған печенегтерден шығысқа қарай мекендеген. Араб саяхатшысы Масуди 10 ғ-да оларды Жайықтың оң жақ бетінен кездестіргенін жазады. Қыпшақ мемлекетінің құрамында болған бұл ру кейіннен өсіп-өнді. Қазақтың шежіре дерегі бойынша Ұзын Алтыбас, Алтыс болып екі тармаққа бөлінеді. Алтыбастан — Күлеке, Құлшын; Алтыстан — Қаз, Келел, Кенжебай ұрпақтары өрбиді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Ұ-дар Торғай обл. аумағындағы Обаған, Торғай өзендері бойын қоныстанған. Н.А. Аристов 1887 жылғы деректер бойынша Ұзындардың 2 мыңға тарта отбасы болғанын жазады. Ал Ы.Алтынсариннің 1869 жылғы деректеріне қарағанда Торғай у-нің Қарақоға, Сарықопа, Қараторғай болыстарында шамамен 1600 түтін болған. Ұзындардың таңбасы жалпы қыпшақ таңбасымен бірдей — (қос әліп), ұраны — “Ойбас”. Y-ДНК анализі Алтыбас (N=2) тармағының Y-ДНК гаплогруппасы R1b1a1 (N=2) http://forum-eurasica.ru/index.php?/topic/4383-kazakhskij-dnk-proekt/page-43 Тұлғалар

Алтыбас: Балғожа Жаңбыршыұлы Ыбырай Алтынсарин (01.11.1841 - 29.07.1889) Шәбден Әбділғапарұлы Балғожин (25.5.1925 – 15.7.2004) Қажымұқан Мұңайтпасұлы (07.04.1871 - 1948) Иман Дулатұлы (1780-1847) Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873-18.05.1919) Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов Бегімбет Мәриям Хакімжанова (15.11.1906 - 1995) Омар Шипин (1879 – 1963) Қалмақан Әбдіқадыров (15.4.1901 - 30.4.1964 Әбілахат Ысмағұлұлы Есбаев Бақтияр Байқараұлы Тайлақбаев

Алтыс: Тілеулі Әбдірахманұлы Нияз Тілеуліұлы Әбдіғаппар Жанбосынұлы Белгісіз: Нұржан Наушабаев (1858 – 1919) Жүрсін Молдашұлы Ерманов (12.2.1951-аман-есен)

Әдебиет "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том (?)

Дереккөздер

Санат: Шежіре Санат:Қазақ рулары