Әмина Сыздыққызы Жолбосынова – химия ғылымдарының докторы (1992), професор (1995). Қысқаша өмірбаяны
1968 Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1958–60 Петропавл медицина училищесінде оқытушы; 1960–62Петропавл ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог; 1962–64 Қазақстан ғылым академиясының Химия институтында кіші ғылыми қызметкер; 1968–70 ҚазМУ-да аға оқытушы; 1970 жылдан Солтүстік Қазақстан университетінде доцент; 1995 жылдан професор. Еңбектері Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – жоғары молекула қосылыстар саласын зерттеуге арналған.Әмина Сыздыққызы Жолбосынова желатиннің, поливинил спиртінің, казеиннің ауыл шаруашылығында қолданылу мүмкіндіктерін тапты. Жұмысының нәтижелері облыстың шаруашылықтарында өндіріске енгізілген. 100-ден аса ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1935 жылы туғандар