Сайрамсу, Сайрам – Арыс алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Төле би, Сайрам аудандары жерімен ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 1060 км2. Мартөбе ауылы тұсында өзеннен Қызылсу суару жүйесі, каналдар тартылған. Бөріжар саласы Бадам өзеніне құяды. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Алабы жайылым. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады. Өзен бойында Қасқасу, Тасарық, Көксәйек ауылдары орналасқан.
Бастауы Өгем жотасындағы мұздықтардан басталып, Шымкент қаласына жете бере Бадам өзеніне құяды.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданы өзендері Санат:Төле би ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы