Шежін-2 — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл, Шежін ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тасқала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-дей жерде, 2-Шежін өзенінің жайылмасында, жусан, еркекшөп, көкпек, т.б. әр түрлі шөптер өскен, сортаңдау бозғылт-қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1550 адам (754 ер адам және 796 әйел адам) болса, 2009 жылы 1220 адамды (599 ер адам және 621 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 971 адамды (498 ер адам және 473 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1961-1997 жылдары асыл тұқымды “Шежін” қой өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан 2-Шежінде және округке қарасты Жаңаауыл, Талдыбұлақ ауылдарында “Шежін” серіктестігі және бірнеше шаруа қожалығы құрылған. Ауылдарда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Ауыл көшелері Ақжайық (Жайкская) көшесі Ә. Қастеев (Бельский) көшесі Ә. Молдағұлова көшесі Б. Жүсібалиев (Юбилейная) көшесі Б. Жаникешев көшесі Б. Кәрменов көшесі М. Мәметова көшесі С. Меңдешев көшесі С. Сейфуллин көшесі Скоробогатов көшесі Тапанов көшесі Чижинская көшесі
Дереккөздер
Санат:Тасқала ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері