нобай|238x238 нүкте|Түркістан қаласындағы кесенесі Рәбия сұлтан бегім (шамамен 1430 — 1495 жылдары өмір сүрген) — Әмір Темірдың әулетінен, Ұлықбектің қызы, Әбілхайырдың әйелі. Самарқан қаласында өсіп, жан-жақты білім алған. 1451 ж. Әмір Темірдің немересі Әбу Саид Самарқанты жаулап алғанда Әбілхайыр ханға көрсеткен әскери көмегі үшін Ұлықбектің қызы Рәбия сұлтан бегімді ұзатқан. Әбілқайыррмен 16 жыл отасып, 1468 жылы қайтыс болганда, Әбілқайырдан Сүйініш жане Кішкене деген 2 ұл табады.Рәбия сұлтан бегім кезінде мемлекеттік істерді басқаруға қатысқан санаулы мұсылман әйелдерінің бірі болды. Тарихта белгілі Көшкінші және Сүйініш қожа хандардың анасы. 1495 —1510 ж. баласы Көшкінші ханның пәрменімен оның басына кесене тұрғызылған.
Жалпы өзі жайлы Рәбия сұлтан бегім өте қу, айлакер және сұлу әйел болған десе еді. Оған небір атақты батырлар, билер ғашық болған. Өз жерінің кегін алу үшін ол билер мен батырларды бір-біріне қарсы тұрғызған. Атақты Қобыланды батыр Рәбия сұлтан бегімге қол жеткізу үшін Ақжол биді өлтіргені жайлы мәліметтер бар. Қобыланды батыр сол кезде Әбілхайырдың қол астында болатын. Сондықтан Ақжол бидің әкесі Қотан тайшы Ақ Орда ханы Әбілхайырдан бөлініп шығып, арғын тайпасын алып, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қосыла Жетісуға көшіп кетуiне осы оқиға себеп болған.
Өзі дүние салған соң, хан сарайы мен баласы Сүйінішхан анасына арнап, күмбез салдырады. Күмбезді 1895 жылы Ресей әскерлері «ескі, бір күні кұлап қалуы мумкін деген» сылтаумен қиратқан. Қазіргі күмбезі жаңартылып салынған. Рәбия сұлтан бегім кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Оңтүстік-шығысында 60 м жерде орнасалқан. Оның басына сегізбұрышты құлыптас қайылған.
Тарихта Ұлықбектің бес әйелі мен он үш (13) кәнизәгі болғандығы белгілі, сонымен бірге, осы әйелдерінен көрген 10 ұлы мен 10 қызы болды. Ұлықбекке қарсы шыққан Әбд әл-Ләтиф оның 10-шы ұлы еді, осы Әбд әл-Ләтиф және оның туған қарындастары Сұлтан Бахт, Ақ Баш және Рабия Сұлтан бегімнің аналары Рукаийа-хатун (Сұлтан) болатын. Ол арлат тайпасының көсемінің қызы еді, алайда, ол Ұлықбектің әйелі емес ең бірінші үйленген кәнизәгі еді. Соңдықтан да оның ұлы мен қыздарын Ұлықбектің әкесі Шахрухтың бәйбішесі Гауһар-шад-аға кішкентайларынан өз қолына алып, тәрбиелеп өсірді. Рабия ең кенже қыз болғандықтан атасы Шахрух пен әжесі Гауһар-шад өз қызындай көрген болуы керек, оның есімінің Ұлықбектің қыздары жайлы тізімде де, Темір әулеті шежіресінде де жоқ болуы осы себептен деп қабылдаймыз. Алайда Рабияның есімі Ұлықбектің қызы ретінде «Тарих-и Абу-л-Хайр-хани», «Шараф-наме-ий шахи» атты еңбектер мен басқа да еңбектерде аталады. Ұлықбек 1394 ж. туылып алғаш рет 10 жасында (1404 ж.) Ука бегімге үйленеді, мұнан соң да 4 әйел, 13 кәнизак алады. Осы кәнизактарының өз әйелдерімен тең дәрежедегісі Рукаийадан 1420-1430 жж. арасында 10-шы қыз Рабия Сұлтан Бегім туылған болуы керек.<ref>«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 28 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2
Дереккөздер
Санат:Темір әулеті