Келімберді – қазақ халқының құрамындағы ру, Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасына енетін Адай руының бір тармағы. Шежіре деректеріне қарағанда, Келімбердіден Ырысқұл-Құнанорыс (Жанбай, Жантуған), Ақпан (Қаракүшік, Қармыс, Сармыс), Шыбынтай (Өртілес, Қоршы-Жүйрік), Тобыш (Ораз, Бегей, Көпес) және Мұңал (Алақұнан, Әли, Бәйімбет, Шоғы-Қырықмылтық, Жаулы) ұрпақтары тарайды. Келімберді ұрпақтары төңкеріске дейін Маңғыстауды, Гурьев уезі мен Бөкей ордасын қоныстанған. Маңғыстау мен Үстіртті, Каспий теңізінің солтүстік жағалауын қыстап, Ембі, Ойыл, Қобда өзендерінің бойын, Мұғалжар тауының бөктерлерін жайлаған. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Алты Келімберді – сегіз арыс Адайдың көп өскен, ең бір іргелі атасы. Әйелі қарақалпақтың Қият аулынан шыққан ақын Еспенбеттің (кейде Есенжан деп те айтады) қызы. Келімберді аулынан білікті билер де, әулие пірлер де, ел қорғаған ерлер де, тәлім-тағылымды ғалымдар да, салтанатты байлар да көп шыққан. Келімбердіден алты бала болады, олар – Құнанорыс, Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Әлнияз (Бұзау), Мұңал, Тобыш.Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Құнанорыстан
Дереккөздер
Санат:Кіші жүз Санат:Шежіре Санат:Қазақ рулары Санат:Кіші жүз рулары