Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы (24.1.1958 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Қараағаш а.) – философия ғылымдарының докторы (2008).
ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да оқытушы, аға оқытушы (1986–96), ҚазҰПУ-да доцент, декан (1997–2004), осы ун-т жанындағы лицей-колледжі директорының орынбасары, «Қазіргі заман: пікірлер әлемі» филос. альманахы бас редакторының орынбасары (2004) қызметтерін атқарды.
Негізгі ғыл. еңбектері қазақ философиясының тарихы, философия антропология, мәдениет философиясына арналған. «Қазақ демократиялық интеллигенциясы дүниетанымының мәдени философиялық мәні мен маңызы» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. 50-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде «Ж.Аймауытовтың мұрасындағы адам және қоғам мәселелері» атты монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:24 қаңтарда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Есіл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық педагогика университеті декандары