Қазаншы кесенесі (18-19 ғ-лар) – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Созақ ауданы, Созақ ауылының орталығында орналасқан.

Сипаты thumb|right|200px|Қазаншы ата кесенесі. XVIII-XIX ғасырлар. Солтүстік-шығыс көрінісі. Аңыз бойынша, мұнда жерленген адам қазан құюшы ретінде жергілікті қолөнершілер арасында ерекше құрметке ие болған адам екен. Кесене шикі кірпіштен қаланып, лаймен сыланған. Қабырғалары 6,4×6,35 м төрт қырлы пішін үстіне ұзын күмбез орнатылған. Ғимараттың жалпы биіктігі – 8,4 м. Кірер есігі оңтүстік жағында орналасқан. Күмбездің орта бөлігінде жарық түсетін дөңгелек саңылау және шахматтық қатармен шаншылған үшқатар сырғауыл бар.АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Түркістан облысы сәулеті