Қазақстан — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Алатау батыр ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 75 км жерде, Қызылқұм магистральды каналының сол жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен35634393 4771 108,6 2228 2471 110,9 2165 2300 106,2

Тарихы Іргесі 1971 жылы құрылған «Қазақстан» күріш кеңшарының орталығы болып қаланды. Кеңшар негізінде күріш, мақта, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда С.Кеттебеков атындағы орта мектеп, «Қазақстан» бастауыш мектебі, ауылдық аурухана, мәдениет үйі, спорт залы жұмыс істейді.

Атақты адамдары Қазақстан ауылының іргесін қалап, басшылық жасағандар Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Октябрь революциясы» ордендерінің иегері С.Кеттебеков, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденінің, ЖШСК-нің алтын, қола медальдерінің иегері Қ.Жақсылықов.

Дереккөздер

Санат:Шардара ауданы елді мекендері