Бесағаш ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Бесағаш ауылы кіреді. Орталығы – Бесағаш ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том 2024 жылы округ құрамында болған Түрксіб ауылы таратылып, Тараз қаласына қосылды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Бесағаш ауылы 2496 2921 117 1254 1473 117,5 1242 1448 116,6 Түрксіб ауылы 3516 3958 112,6 1727 2020 117 1789 1938 108,3 Жалпы саны 6012 6879 114,4 2981 3493 117,2 3031 3386 111,7

Жер көлемі - 635 га. Ауылдық округте Макаренко және Абай атындағы орта мектептер, 2 дәрігерлік амбулатория, ауылдық кітапхана бар.

Ауыл маңы табиғаты Қарасу өзені - Қырғыз Алатауынан басталатын бұлақтардан бастау алады, ұзындығы 7 км, көлемі 28000 шаршы метр. Ауыл тұрғындарының бау-бақша, егістік дақылдарын егуге, мал өсіруге қолайлы жағдай жасалған. Үлкен арық - ұзындығы 8 км, көлемі 48000 шаршы метр, ауылдың шығысында орналасқан. Айтау - Қаратаудың сілемі, биіктігі 1500 м. Желтау - Қаратаудың сілемі, биіктігі 1503 м, бұлар ауылдың шығысында және оңтүстік шығысында орналасқан. Қаратау жотасы - ауылдың оңтүстік батысында орналасқан. Биіктігі 1660 м.Жамбыл облыстық топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері