Садчиковка — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Садчиков ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Тобыл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2259 адамды (1084 ер адам және 1175 әйел адам) құраса, 2009 жылы 2947 адам (1392 ер адам және 1555 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 1929 — 60 жылдары ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1961 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтының Ю.Гагарин атындағы оқу-тәжірибе шаруашылығы ұйымдастырылды. Ең жақын темір жол стансасы — Қостанай (33 км).

Дереккөздер

Санат:Қостанай ауданы елді мекендері