Қараарна ауылдық округі — Атырау облысы Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы – Шоқпартоғай ауылы. 2004 жылы округ құрамында болған Ащысай ауылы таратылған.Әкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3110 адамды (1621 ер адам және 1489 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Шоқпартоғай 1953 2421 2789 3110 Алтықұлақ 152 0 - Ащысай 196 57 - Домбаяқ - 0 -
Тарихы 30-жылдардың басында округ аумағында алғашқы құрылған серіктестер Жаңажол, Алға, Қазақстан, Қызылтаң, Ақтайлақ, Қарасу, Қызыл Дихан, Еңбек, Тереңөзек, Қожайғыр деп аталған. Серіктестіктер 1939-1940 жылдары "Жаңажол, "Қазақстан", "Андреев", "Үшінші бесжылдық", ұжымшарларына бірігеді. 1950-51 жылдары ұжымшарлар ірілендіріліп, "Қазақстан" және А.Андреев атындағы ұжымшарлар құрылды. 1954 жылы екі ұжымшар біріктіріліп "Қазақстан" ұжымшары құрылды.Жылыой жылнамасы,Энциклопедиялық жинақ, «Өлке» баспасы, 2008 ISBN 9965-742-49-9
Әлеуметтік нысандары Округте орта мектеп, емхана, кітапхана, байланыс бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы ауылдық округтері