Теофраст бұйдакендірі немесе Теофраст абутилоны () – құлқайырлар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер немесе көп жылдық бұта. Қазақстанда Каспий т. маңында, Мұғалжарда, Торғай қолатында, Балқаш — Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Өзен аңғарларында, ойпаң жерлерде өседі.
Сипаттамасы Өсімдіктің биіктігі 25 — 150 см. Сабақтары тік, бұтақтала өседі. Түкті жапырақтары ұзын сағақты келеді, жалпақ, ұзындығы 15 см. Ашық сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Шілде — қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз — қазанда жемістенеді. Жемісі — дәнек. Бұйда ежелден мәдени түрде өсіріледі, оның сабағынан қап тоқитын жіп, ал тұқымынан тех. бағалы май алынадыТ. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.
Дереккөздер
Санат:Құлқайырлар