Келдімұрат (2011 жылға дейін – Благодарное)Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Абай облысы Мақаншы ауданындағы ауыл, Келдімұрат ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Мақаншы ауылынан солтүстікке қарай 31 км-дей жерде, Қатынсу өзенінің сол жағалауында, Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі бетеге, сұлыбас, т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен таудың қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2232 1973 1199 60,8 954 600 62,9 1019 599 58,8
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1950 жылдан “Красный дозор” сүт өндіру ұжымшарының орталығы болып келді. 1997 жылы ұжымшар негізінде “Келдемұрат” ЖШС-і құрылды. Келдемұратта май және сүт тағамдары цехы, байланыс бөлімі жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Мақаншы ауданы елді мекендері