“СУДЫР-СУДЫР” – қазақтың ұлттық ойындарының бір түрі. Ойнаушылар алқа-қотан отырып, тізе астынан “Судыр-судыр” деп орамалды бірден-бірге жылжытады. Ойын жүргізуші оны тауып алуға тырысып, айнала іздейді. Іздеуші орамалды таба алмаған жағдайда оны ойыншылар “Айда, судыр” деп, ширатылған орамалмен ұрғыштап отырады. Ойын жүргізуші орамалды тауып алса ұсталған адамды ортаға шығарып, ән айтқызып, би билетеді. Ойынды “айыптылар” жалғастырып отырады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Судыр-судыр · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.