Серікжан Ағыбайұлы Бадаев(1948 жылы туған, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымның докторы (1997). Жаңасібір мемлекеттік университетін (1971), аспирантурасын (1974) бітірген соң ҚазМУ-да (1974–1991, қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, доцент, 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Теория және қолданбалы математика институтында аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1996 жылы «Минимальные нумерации» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бадаев 35 ғылыми еңбектің авторы. Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1948 жылы туғандар