Гүлжауһар Кәкенқызы Көкебаева (14.12.1954 жылы туған, – тарих ғылымдарының докторы, профессор.
1975 - С.М. Киров атындағы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. 1975-1980 - Орал педагогикалық институтында (қазіргі Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (1980–82, 1985–88, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті), 1988-2001 - ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) сабақ берген. 2001 жылдан әлөФараби атындағы ҚазҰУ-да педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысты. КСРО Ғылым Академиясының Жалпы тариx институтының (Москва қаласындағы) аспирантурасын бітіріп, сонда кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық және докторлық диссертациялары Германия тариxына арналған. Германияда ғылыми тәжірибеден өткен. Соғыс тұтқындары туралы Қазақстанда шыққан алғашқы ғылыми монографияның авторы.
Ол Германия тариxымен,екінші дүниежүзілік соғыс тариxымен айналысады. Бірнеше шетелдік гранттардың иегері. Ол қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты шет ел архивтері мен кітапханаларында (Германия, Венгрия, Польша, т.б.) сақталған деректерді жинастырған. Екінші дүниежүзілік соғыс мәселесі бойынша сарапшы.300-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
Санат:14 желтоқсанда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті оқытушылары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты оқытушылары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары