Қуанышбек Көлбайұлы Бөлтаев (16.11.1947 ж. туған) – ҚР Парламенті сенатының депутаты, инженер-технолог, заңгер.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Қазақ химия-технология институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Облыстық мәслихат хатшысы, сенат депутаты болды. Сенатта заң шығару және құқық реформасының тұрақты комитетінің, Қазақстан халықтары ассамблеясының, ТМД елдерінің парламентаралық ассамблеясының мәдениет, ақпарат және туризм тұрақты комиссиясының, Франция Сенаты және АҚШ Конгресімен ынтымақтас топтарының мүшесі. Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, бірнеше медальдармен марапатталған. .Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:1947 жылы туғандар