Ілияс Манашұлы Қозыбаев (24 қараша, 1957, Қостанай қ.) – тарих ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1980, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
Алматы халық шаруашылығы институтында стажер-ізденуші (1980–82, қазіргі Қазақ экономикалық университеті)
Қазақстан КП ОК-нің Партия тарихы институтында кіші ғылыми қызметкер (1982–90)
ҚазҰУ-да доцент (1990–92)
ҚР Жоғары аттестациялық комитетінде бөлім меңгерушісі (1992–93)
Қазақ Мемлекеттік басқару академиясында профессор (1993–97, қазіргі Қазақ экономикалық университеті)
Түркия мен Беларусьтегі ҚР елшілігінде 1-хатшы (1997–99)
ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде комитет төрағасының орынбасары (2001–02)
Венгрияда және Ресейдегі ҚР елшіліктерінде 1-хатшы (2002–06) қызметтерін атқарды.
2006 жылдан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында бас ғылыми қызметкер.
Ғылыми еңбектері
«Историография Казахстана XX века» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Историография Казахстана. 40–80-е жж. XX в.», 1992;
«Дипломатия Казахстана. Страницы истории», 2001; т.б.) атты кітаптардың авторы.
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Телеуғазина Назгүл (1972 ж. т.), үй шаруасымен айналысады.
Қыздары Ақбота (1986 ж. т.), Ақерке (1991 ж. т.);
Ұлдары - Алмa (1995 ж. т.), Әмір (2003 ж. т.).“Қазақ Энциклопедиясы”Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:24 қарашада туғандар Санат:1957 жылы туғандар Санат:Қостанайда туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ экономика университеті профессорлары