Бозарық – Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, ауылдық округ орталығы. Шымкент қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде, Сайрамсу, Қызылсу өзендерінен тартылған Бозарық өзенінің бойында. Тұрғыны 2,6 мың адам (2003). 1929 ж. Сайрам ауылынан қоныс аударған өзбектер арық қазып, жерді игеріп, егіншілікпен айналысып, 1938 ж. «Бозарық» ұжымшарының іргесін қалады. Тұрғындарының ұлттық құрамы өзбектер – 60% мен әзербайжандар – 40%, 1942 ж. Кавказдан жер аударылғандардың ұрпағы. Ұжымшар негізінде «Жеміс» ӨК, т.б. шаруа қожалықтары құрылды. Бозарықта орта мектеп, клуб, «Ертегі» бала-бақшасы, фельдшерлік-акушерлік пункт, мешіт, т.б. мекемелер бар. Ауылда 2-дүниежүзлік соғыста мерт болған жерлестеріне арнап ескерткіш қойылған..Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бозарық · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.