ӘУЕЛҚАН Қалиұлы (15.10. 1939 жылы туған, ҚХР, Шыңжаң-Алтай аймағы, Бурылшын ауданы Жетіарал ауылы) — әдебиет зерттеушісі, профессор (1992), Жазушы.

Шыңжаң педагогикалық институтынын бітірген (1959). Сол ин-тта (1959 — 78), Шыңжаң университетінде (1978 — 95) сабақ берді. 1995 жылдан Шыңжаң оқу-ағарту институтынының ректоры.

Оның Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерін зерттеуге арналған “Жазушылықтың негіздері” (1981, Үрімжі), “Қазіргі Қазақ тілінің стилистикасы” (1991,“Қазақ ауыз әдебиет іне шолу” (1985, Үрімжі; Үздік еңбек сыйлығының, 1995) атты монографиялары және “әдебиетіміз туралы кейбір ойлар” (1995, Үрімжі) ғылым мақалалар жинағы, “Биіктеген там” әңгімелер мен эсселер жинағы, “Ауырлықты Жер көтереді” пьесалар жинағы жарық көрді. “Қазақтың байырғы тұрмыс-салт жырлары” деген кітабы ағылшын тілінде жарияланды (1997).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:1939 жылы туғандар Санат:Қытайда туғандар Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Профессорлар Санат:Қазақ жазушылары Санат:Қытай қазақтары