Рөл, роль ( — түйіншек, бума, тізім) — 1) драматургтың немесе сценарийшінің пьесада (киносценарийде) бейнелеген әдеби образы; осының негізінде актердің спектакльде (фильмде) жасаған образы. Рөл комедиялық, трагедиялық, драмалық, трагикомикалық, т.б. бөлінеді. Бірінші (басты, негізгі, орталық) және екінші (қосалқы), сондай-ақ эпизодтық (спектакльдің жеке көріністеріне қатысатын) рөлдер де болады. Музыкалық театрда рөлді партия деп те атайды. 2) Пьесадағы әрбір кейіпкер сөзінің жиынтығы. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Терминология Санат:Өнер