Баян Қайымов (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1983), профессор (1985).

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1961) бітірген. Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1961–84), Алматы халық шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі (1984) қызметтерін атқарған.

«Проблема повышения рентабельности зернового производства в районах основной целины (по материалам совхозов Северного Казахстана)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің экономикасына арналған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:13 қазанда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Райымбек ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Жаңа экономикалық университеті оқытушылары Санат:Жаңа экономикалық университетінің профессорлары