Шaйбани әулеті (өз. Shayboniylar) — өзбек билеушілері (1500 – 98). Шaйбани әулеті Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шайбаннан тарайды. Әулеттің негізін салушы Әбілхайыр ханның немересі, шаһ Будақ сұлтанның баласы Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы үшін болған соғыста қазақ және ноғай билеушілерінен жеңілгеннен кейін 1500 жылы Мәуереннаһр мен Хорасанды басып алып, өз билігін орнатты. Бірақ 1510 жылы Иран шаһы Сефеви әулетінен шыққан I Ысмайыл оны Мерв түбінде талқандады. Шайбани ханның мұрагері Күшкүнжі хан (1510 – 30) өліп, оның ұлы Әбу Саидтың (1530 – 33) билігінен кейін мемлекет басына немересі Ұбайдолла хан (1533 — 39) келді.

Шaйбани әулетінің билеушілері өздерін Темір әулетінің мұрагерлері деп есептеді.

Әулеттің ең көрнекті өкілі Абдулла хан болды. Оның қаза табуы және баласы Абд әл Мүминнің өлтірілуімен Шайбани әулеті биліктен кетті. Оның соңғы өкілі Пір Мұхаммед ҚҚ-нің өзі де билік үшін қырқысу соғысында қаза тапты. 1599 жылы билікке Аштархан әулеті келді. Бұл Жошының Орда деген баласынан тарайтын және шешесі жағынан Шайбани әулетімен байланысатын жаңа өзбек әулеті еді.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Сілтемелер Моғолстан Ақ орда Мұхаммед Шайбани Дереккөздер

Әдебиет Босфорт КӨЛІЭ. Мусульманские династии, М., 1971.

Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары Санат:Шайбани әулеті