Гүлжан (Күлжахан) Жарылқасымқызы Әспетова (1946 жылы 28 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған) - актриса. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1981). Құрмет орденінің иегері (2011). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Толығырақ Гүлжан (Күлжахан) Жарылқасымқызы 1946 жылы 28 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Мерке ауылының орта метебін бітірген. 1963 - 1967 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Театр» факултетін Асқар Тоқпановтың сыныбында оқып бітірді. 1967 жылы дипломдық жұмысында М. Әуезовтің «Қаракөзіндегі» Қаракөз рөлін сәтті орындап, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды. 1967 - 1999 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. 1993 жылдан педагогикалық жұмыспен айналыса бастады, Қазақ ұлттық өнер академиясының сахна тілінен сабақ береді. 1999 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы. бүгінгі таңда Қазақ ұлттық өнер университетіның профессоры.

Сахнадағы негізгі рөлдері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Театрдағы алғашқы рөлі – М.Әуезовтің «Қарагөз" трагедиясындағы Қарагөз. Содан бері лирик.-драмалы қалыптағы бірсыпыра бейнелерді сахнаға шығарды. Олардың ішінде Еңлік, Құртқа (Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Қарақыпшақ Қобыландысында»), Жәмила (Қ.Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астындасында»), Мақпал (Қ.Мұқашевтың «Дала балладасында»), Анар (О.Бөкеевтің «Құлыным меніңінде»), Бәтимә ханым (Т.Ахтановтың «Антында»), Мехменебану (Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында»), Электра (Л.Дюрконың «Электрасында»), Иокаста (Софокльдің «Эдип патшасында»), Найман-Ана (Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде»), т.б. бейнелер бар. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының сахнасында: Ш. Айтматов «Ана-Жер ана» – Толғанай, «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман ана, Ә. Сарай «Балуан Шолақ» – Балуаның анасы, Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» – Фатима, В. Дельмар «Баянсыз бақ» – Люси Купер, Дж. Патрик «Қымбатты Памела» – Памела, Т. Джюдженоглу «Көшкін» – Бәйбіше және т.б. Кинодағы рөлдері «Қазақфильм» киностудиясының «Несібелі», «Тоғызыншы ұлдан қорық», «Жау», «Мосфильмнің» «Киттер кеткенде», «Ақ бақсы» көркем туындыларында , «Еңлік-Кебек» телефильмдерінде басты рөлдерге түсті.

Марапаттары 1981 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі 1993 жылы ҚР халық әртісі (құрметті атақтарымен марапатталған); 2011 жылы Құрмет ордені 2015 жылы "Еңбек ардагері" медалі 2016 жылы Меркі ауданының құрметті азаматы атағымен марапатталған. 2016 жылы ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары Санат:28 мамырда туғандар