Жақып Омаров (1939 жыл 15 қазанда Көкшетау облысы, Мәдениет ауылы - 1996 жыл 31 мамырда Астанада) - актер, режиссер. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1993). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушы тұлға.
Толығырақ Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Жақып Омарұлы 1939 жыл 15 қазанда Көкшетау облысы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1960 жылы М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының жанындағы театр студиясын бітірген. 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының режиссерлік бөлімін бітірген. 1960 - 1961 жылдары Қарағанды қазақ драма театрының актері; 1961 - 1971 жылдары және 1980 - 1981 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қоюшы-режиссер болды. 1971-1972 жылдары Тараздағы Абай атындағы қазақ драма театрының бас режиссері; 1972-1980 жылдары Қарағандының С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының бас режиссері; 1980-1990 жылдары Шымкенттің Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрының бас режиссері; 1990 - 1996 жылдары Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушысы әрі көркемдік жеткшісі болды. 1996 жыл 31 мамырда Астанада дүниеден өтті.
Шығырмашылығы Театр сахнасында қойған спектакльдері қатарында:
М.Кәрімнің “Ай тұтылған түн” (1972), У.Шекспирдің “Макбет” (1978, Бүкілодақтық классикалық спектакльдер байқауының 1-дәрежелі дипломы берілді; екеуі де Қарағанды облысы драма театрында), Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқтысы” (1981; КСРО Мәдениет министрлігінің дипломы, 1983), Ә.Әбішевтің “Мәдиі” (1982, екеуі де Шымкент облысы драма театрында)Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8, және т.б көптеген қойылымдарды сахналады. Марапаттары 1993 жылы президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері» Попов атындағы күміс медалінің иегері.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары