Басши — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Басши ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 85 км-дей жерде, Түлкілі өзенінің жағалауында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс сілемдерінің бірі Алтынемел жотасының оңтүстігінде, боз және қызылқоңыр топырақты қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Өңірінде бұта аралас селеу, көде, жусан, боз шөптесін өсімдіктер өседі.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17261831 1658 90,6 945 877 92,8 886 781 88,1

Бұрынғы Басши қой кеңшары негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауыл маңынан Сарыөзек — Жаркент автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері