Олжағұл, Олжакөл – Торғай алабындағы тұйық тұщы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданының жерінде, Өтеміс және Ұзынқоға ауылдары аралығында орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 18,8 км2, теңіз деңгейінен 110,7 м биіктікте. Көлдің ұзындығы 7,2 км, ені 3,0 км, жағалауының ұзындығы 20,4 км. Шарасы жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде қар суымен деңгейі көтеріледі де төңірегіндегі шағын көлдермен бірігіп кетеді. Жаздың ыстық айларында деңгейі төмендейді.

Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, батысы және солтүстік-шығысы батпақты. Онда қамыс, қоға өскен. Көл жағалауы шабындық пен жайылым ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы