Сарықора – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі жота.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 2552 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қытай мен арадағы мемлекеттік шекара бойымен 50 км-ге созылып, Жетісу қақпасына тіреледі. Батыс бөлігінде Селке асуы жатыр. Осы тұсынан Сарышілде өзені бастау алады.
Геологиялық құрылымы Биік жері пермьнің жанартаулық жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Солтүстік баурайы мен шатқалдары орманмен көмкерілген. Етегінде бұталар, беткейінде тау шалғыны өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы