Шәкенов Қанат Қожахметұлы (5 Мамыр 1955 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылы) – физика-математика ғылымының докторы (2003), профессор.
Қысқаша өмірбаяны:
1977 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген; 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург) аспирантурасын бітірген; 1977–1980 жылдары Қазақ КСР-і мемлекеттік Жоспарлау ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер; 1980–1981 жылдары ҚазМУ-да ассистент; 1981–1983 жылдары Ленинград мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші; 1983–1986 жылдары аспирант; 1986 жылдан ҚазМУ-да ғылыми-педогог; 2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
«Монте-Карло әдістерімен сүзілу есептерін және Новье-Стокс теңдеулерін шешу» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:Тұлғалар