Жердің электр өрісі — Жердің магнит өрісінің өзгеруіне байланысты пайда болатын Жер маңайындағы электр өрісі. Осы өрістің салдарынан атмосфераның иондалған қабатында электр тогы пайда болады. Жердің теріс электр заряды бар деп ұйғарылады. Бұл заряд Жер бетіне жақын кеңістікте радиал бағытталған электр өрісін туғызады. Мұның үстіне, ол атмосферадағы көлемдік оң электр зарядымен бейтараптанады. Сондықтан да Жер тұтас алғанда электрлік жағынан бейтарап күйде болады.Қазақ энциклопедиясы,3 томЖалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық. Алматы: ҚазҰТУ, 2008 ISBN 987-601-228-001-2

Тағы қараңыз Жер (ғаламшар) Жер

Сыртқы сілтемелер Жердің электр өрісі

Дереккөздер

Санат:Жер құрылысы