«Құрылыстық құралымдар зауыты» – өндірістік кәсіпорын, акционерлік қоғам. Тараз қаласының солтүстігінде орналасқан. Зауытта «Химмонтаж» акционерлік қоғамы, сондай-ақ, құрылыс кешенінің басқа да тұтынушылары, республиканың мұнай-газ өндіру, өңдеу және химиялық кәсіпорындары үшін құрылыстық құралымдар шығарады. Қазақ энциклопедиясы Мұнда автоматтық пісірудің ең жаңа технологиялары қолданылады. Зауыт 7200 м2 өндірістік алаңда орналасқан, жылдық қуаты 4000 т металл құралымдары және 1150 т құбырлық түйіндер. Кәсіпорында 180 адам жұмыс істейді.
Қазақ энциклопедиясы Сілтеме
Санат: Өндіріс Санат:Қазақстан зауыттары