Қажахмет Балахметұлы Балахметов (26 маусым 1926, Сұлукөл ауылы, Айыртау ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы — 6 қараша 2021) — ғалым-педагог, тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1948). 1948–52 жылдары Сырымбет орта мектебінің мұғалімі, 1953–57 жылдары Біржан сал ауданы Макинск және Степняк орта мектептерінің директоры, 1957–60 жылдары Көкшетау облысы Халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1968–80 жылдары меңгерушісі, 1970–74 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және Білім беру мекемелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1974–87 жылдары Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметтерін атқарған. 13 жыл бойы қазақ-корей достығы қауымдастығының төрағасы болды. Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбектері жарық көрді. ТМД-ның Халықаралық балалар қоры ассоциациясының вице-президенті болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен, төс белгілермен және грамоталармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Егемендік айнасы

Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ КСР министрлері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП мүшелері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары