Ділдабай Әнуарұлы Кемешев (25 қыркүйіек 1959 жылы туған, қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Көксәйек ауылы) – суретші, өнертану ғылымдарының докторы (2001), педагогика ғылымдарының докторы (2001).

Дулат тайпасының Жаныс руынан. Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет колледжін (1979), 1989 жылы Ташкент мемлекеттік педагогика институтын бітірген. Төле би ауданындағы Төле би атындағы орта мектепте сызу-сурет пәнінің мұғалімі 1991–1998 жылдары Шымкент педагогикалық институтында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) Кескіндеме кафедрасының оқытушысы, Саз және өнер кафедрасының меңгерушісі (1995–1998) Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, Мәскеу қаласында ғылыми-тәжірибелік жұмыстан өткен (1998–1999). 1998–2007 жылдары Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университетінде проректор қызметтерін атқарған. 2007 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кеңестің мүшесі. Қазір Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өнер факультетінің Киім дизайны кафедрасының меңгерушісі.

2 оқулық, 15 әдістемелік құралдар, 57 ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым ЭнциклопедиясыОңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том

Дереккөздер

Санат:25 қыркүйекте туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Төле би ауданында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Өнертану докторлары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Шымкент көркемсурет колледжі түлектері Санат:Ташкент мемлекеттік педагогика институты түлектері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Халықаралық қазақ-түрік университеті оқытушылары Санат:Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университеті тұлғалары