Әбубәкір Ахметше (18 тамыз 1948, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылы) — шаруашылық ғылым докторы (1990), профессор (1997). Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген (1970). Еңбек жолын Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылым-зерттеу институтында лаборант болып бастаған. 1971–1998 жылдары кіші ғылым қызметкер, аспирант, аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1999 жылдан бас ғыл. қызметкер. Ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында қаракөл қойының селекциясы мен одан алынатын өнімді өңдеу технологиясына теор. тұрғыдан елеулі жаңалықтар енгізді. 55 ғылым еңбектің авторы.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.
Дереккөздер