Шон Бейкер (; 26 ақпан 1971, Саммит, Нью-Джерси) — америкалық киногер. Ол көбінесе маргиналды топтардың, әсіресе иммигранттар мен сексуалды қызметкерлердің өмірі туралы баяндайтын тәуелсіз көркем фильмдердің режиссері, сценарийшісі, монтажисі және продюсері. Өзінің режиссерлік дебютін «Төрт әріпті сөздер» (2000) фильмінен бастап, сондай-ақ Greg the Bunny телевизиялық кейіпкерінің авторларының бірі болды. Содан бері Бейкер жеті толықметражды фильм түсірді: «Тапсырыс» (2004), «Бродвей ханзадасы» (2008), «Старлет» (2012), «Мандарин» (2015), «Флорида жобасы» (2017), «Қызыл зымыран» (2021) және «Анора» (2024).
Бейкер мансабында төрт Оскар, BAFTA сыйлығы, Critics' Choice Awards сыйлығы және үш Тәуелсіз рух сыйлығын қоса алғанда,көптеген марапаттарға ие болды. «Анора» фильмі үшін ол Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағын жеңіп алды, ал әйелі Саманта Куанмен бірге Үздік кастинг үшін BAFTA сыйлығын иеленді. Одан кейін 97-ші Оскар марапатында «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік түпнұсқа сценарий» және «Үздік монтаж» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Ол бір рәсімде бір фильм үшін жеке өзі төрт Оскар алған тарихтағы алғашқы адам.
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік түпнұсқалық сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (продюсерлер) Санат:Америка режиссерлер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:Америка сценарийшілер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:Америка продюсерлер гильдиясы сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері