Баһаулла Жазбаларынан Түйінсөздер () — Баһаи сенімінің негізін қалаушы Баһаулланың таңдамалы жазутастары (жазылған хаттары) мен жазбаларынан құралған жинақ. Жинақты 1921–1957 жылдар аралығында Баһаи сенімінің Сақтаушысы болған Шоғи Эффенді іріктеп, ағылшын тіліне аударған. Алғаш рет 1935 жылы жарық көрді.
Шоғи Эффендидің айтуыншаShoghi Effendi, quoted in Rúḥíyyih Rabbání, The Guardian of the Baháʼí Faith (London: Baháʼí Publishing Trust, 1988), 93., бұл шығарма «Баһаи Ашылымы авторының ең сипатты, әрі бұған дейін жарияланбаған таңдаулы жазбаларының жинағы» болып табылады. Жинаққа Баһаулланың 1853–1892 жылдар аралығындағы бүкіл шығармашылық кезеңін камтитын мәтіндер енгізілген.
Кітап бес негізгі бөлімнен тұрадыW. Kenneth Christian (1952). Introduction to the Gleanings from the Writings of Baháʼu'lláh. p. xv.: «Құдай Күні» (1–18 бөлімдер) Құдайдың Көрінісі (19–69 бөлімдер) Жан және оның мәңгілігі (70–99 бөлімдер) Әлемдік тәртіп және Ең Ұлы Бейбітшілік (100–121 бөлімдер) Жеке адамның міндеттері мен өмірдің рухани мәні (122–166 бөлімдер)
Жинақта, сонымен бірге, мынадай белгілі еңбектерден үзінділер келтірілген: Бөрі Ұлына Жолдау (Epistle to the Son of the Wolf) Асыл Сөздер (The Hidden Words) Кітаб-и-Ағдас (The Kitáb-i-Aqdas) Кітаб-и-Иған (The Kitáb-i-Íqán)
Бұдан бөлек, «Түйінсөздерге» ішінара енгізілген кейбір еңбектер кейіннен келесі толық жинақтарда жарық көре бастады: The Summons of the Lord of Hosts («Қосындар Иесінің Үндеуі») The Tabernacle of Unity («Бірлік Шаңырағы») Tablets of Baháʼu'lláh Revealed After the Kitáb-i-Aqdas («Кітаб-и-Ағдастан кейін түскен Баһаулла жазутастары»)
Кітап алғашында Баһаулланың қай мәтіні қай еңбектен алынғаны көрсетілмей басылған болатын, алайда бұл тізім кейіннен зерттеушілер тарапынан қайта қалпына келтіріліп, ғаламторға орналастырылдыSources of Gleanings from the Writings of Baha'u'llah.
Ауқымды, әрі жан-жақты тақырыптарды қамтығандықтан, «Түйінсөздер» — көптеген адамдардың Баһаулла жазбаларымен танысуды бастайтын алғашқы еңбектерінің бірі. Шоғи Эффендидің жұбайы Рухия Ханум (Rúḥíyyih Rabbání) бұл бөлгіні Батыс баһаилары үшін «ғажайып сый» деп атаған. Румыния патшайымы Мария бұл кітап туралы: «Тіпті күмәнданушылардың өзі бұл кітапты оңашада оқып, жандарына терең бойлауға уақыт бөлсе, бойларынан зор рухани қуат табар еді», — деп жазған. Осы күнде бұл шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Дереккөздер
Әдебиет Baháʼu'lláh (1976). Gleanings from the Writings of Baháʼu'lláh. Translated by Shoghi Effendi. Wilmette, Illinois, USA: Baháʼí Publishing Trust. ISBN 0-87743-187-6. Hatcher, John (1997). The Ocean of His Words: A Reader's Guide to the Art of Baháʼu meʼlláh. Wilmette, Illinois, USA: Baháʼí Publishing Trust. ISBN 0-87743-259-7. Rabbani, Ruhiyyih (1988). The Guardian of the Baháʼí Faith. London: Baha'i Publishing Trust. Taherzadeh, Adib (1976–1987). The Revelation of Baháʼu'lláh (Volumes 1–4). Oxford, UK: George Ronald.
Санат:Баһаи