Олукеми Олуфунто Адегоке «Кеми» Баденок (; ; 2 қаңтар 1980, Уимблдон, Лондон) — британдық саясаткер, 2024 жылғы 2 қарашадан бергі Ұлы Мәртебеліге Адал Оппозицияның көшбасшысы және Ұлыбритания консервативті партиясының көшбасшысы. Бұрын 2022 жылдан 2024 жылға дейін ол премьерлер Лиз Трасс пен Риши Сунактың үкіметтерінде қызмет етті. Баденок, оған қоса, Солтүстік-Батыс Эссекстен сайланған Парламент мүшесі болып келген. 2017 жылдан ол Сэффрон Уолденнен сайланған болатын.
2012 жылы Баденок Лондон ассамблеясындағы депутаттыққа сәтсіз үміткер болады, алайда 2015 жылы тағы сайлауға түсіп, депутат атанады. 2016 жылғы Еуропа Одағына мүшелік жайлы референдумда Баденок Ұлыбританияның Одақтан шыққанын жақтады, келесі жылғы сайлауда Парламент мүшесі атанды.
2019 жылғы шілдеде премьер-министр болып Борис Джонсон таңдалады да, Баденок Балалар және отбасылар үшін министр орынбасары атанады. 2021 жылғы қыркүйекте ол Теңдік үшін министр, Жергілікті үкімет, дін және қауымдастықтар министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы шілдеде Баденок Джонсонға қарсылығынан үкіметтен отставкасын жариялайды да, кейін болған Консервативті партия көшбасшысы лауазымына болған сайлауға қатысады, сәтсіз болады. Премьер болып Лиз Трасс сайланады да, Баденок Халықаралық сауда министрі болып тағайындалады. Премьер Риши Сунак болғанда ол Әйелдер және теңдік министрі қызметін атқарып кетеді.
2023 жылғы ақпандағы Министрлер кабинеті құрамының өзгерісі барысында Кеми Баденок Халықаралық сауда департаменті мен Бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегия департаментінің кейбір бөлімдері біріктірілгеннен кейін Бизнес және сауда министрі қызметіне тағайындалды. Баденок Әйелдер және теңдік мәселелері жөніндегі министрдің міндеттерін де сақтап қалды. Консервативтік партия 2024 жылғы жалпы сайлауда жеңіліске ұшырайды да, Баденок Риши Сунактың көлеңкелі кабинетінде Тұрғын үй, қауымдастықтар және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі көлеңкелі мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Кейін ол 2024 жылғы Консервативтік партия басшылығына сайлауда партия жетекшісі болуға үміткер екенін жариялады. Партия мүшелері қатысқан дауыс беруде Роберт Дженрикке қарсы жеңіске жетіп, Консервативтік партияның жетекшісі әрі Оппозиция көшбасшысы атанды.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания саясаткерлері Санат:Ұлыбритания депутаттары Санат:Саясаттағы Ұлыбритания әйелдері Санат:Оппозиция көшбасшылары (Ұлыбритания) Санат:Ұлыбритания консервативті партиясы көшбасшылары Санат:Биркбек түлектері Санат:Сассекс университеті түлектері