Беларусь Республикасының 2020 жылғы президентін сайлау (; ) 2020 жылғы 9 тамызда өтті. Бұл ел тарихындағы 6-президенттік сайлау болды.
Беларусь Орталық сайлау комиссиясы қызметтегі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-нен астамын жинап, қайта сайланды деді. Лукашенко 1994 жылғы сайлаудан бергі әр президенттік сайлауды жеңіп көрген болатын, алайда халықаралық бақылаушылар тұңғыш сайлаудан басқа әр сайлауды еркін емес, әрі әділ емес деп бағалаған.
Оппозиция үміткері Светлана Тихановская бірінші айналымда дауыстың 60%-нен астамын жинадым, осылайша жеңдім деп, Лукашенко үкіметімен келіссөздер жүргізбек болды. Тихановскаяның ресми нәтижемен келіспей «ұзақ наразылық шараларын», биліктің ауысуын ұйымдастырмақ болған сайлауалды кампаниясы көп ұзамай Беларус оппозициясының координация кеңесін құрды. Координация кеңесінің президиумы жеті мүшелерінің бәрі де кейін тұтқын болды, не қуғын көрді.
Барлық оппозиция үміткерлері сайлау нәтижелерін жарамсыз деп тануды талап етіп, Орталық сайлау комиссиясына шағым түсірді. Сайлау нәтижелері жалған болды деген мәлімдемелер жаппай жүрді. Көптеген елдер, сондай-ақ Еуропа Одағы сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартты. Еуропа Одағы «зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін және сайлауды бұрмалау» әрекеттеріне жауапты деп танылған Беларусь шенеуніктеріне санкциялар енгізді. Сайлау нәтижелері жаппай наразылық шерулеріне әкелді.Global Protest Tracker, Карнеги қоры (2021-10-21)Why wearing the wrong socks is risky in Belarus, BBC News (2021-05-06)
Дереккөздер
Санат:Беларусьтегі президент сайлаулары