Татар-орыс қостілділігі () — Ресей татарлары мен ТМД-ның бірқатар елдеріндегі татарлар арасында кең таралған құбылыс. Оның қалыптасуына XVI ғасырда Еділ бойы Ресейге қосылғаннан кейін татар және орыс халықтарының ұзақ уақыт бойы көршілес өмір сүруі әсер етті.

Тарихы Татар тілі — Ресейдегі сөйлеушілер саны жағынан екінші орында тұрған ұлттық тіл. Тарихи себептерге байланысты орыс-татар қостілділігі біркелкі қалыптаспаған: татарлар арасында орыс тілін меңгеру кең таралғанымен, орыстілді тұрғындардың татар тілін білу деңгейі салыстырмалы түрде төмен. 1990-жылдардың басында Татарстанда татар тілінің қолданыс аясын кеңейтуге басымдық беріле бастаған тұста республикадағы орыстілді халықтың татар тілін меңгеру деңгейі де біртіндеп өсті. Дегенмен, көп жағдайда бұл білім күнделікті қарым-қатынаста жеткілікті қолданылмай, тәжірибемен ұштаса бермеді. Мұндай құбылыс тілдерді қатар меңгергенімен, оларды іс жүзінде бірдей дәрежеде қолдана алмайтын адамдарға тән.

Әлемдегі татарлардың шамамен үштен бірі ғана Татарстан Республикасында тұрады. Олардың кемінде төрттен бірі орыс тілін ана тілі деп есептейді. Ал ана тілі татар тілі саналатындардың басым көпшілігі орыс тілін жақсы немесе өте жақсы меңгерген. Орыс-татар қостілділігінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі — екі тілдің сөйлеу барысында араласып қолданылуы. Бұл әсіресе қалада тұратын татарлар арасында жиі кездеседі. Олар өзара сөйлескенде ойды татар тілінде бастап, орыс тілінде аяқтауы немесе керісінше сөйлеуі мүмкін. Кейде бір тілдегі сөздер мен сөз тіркестері екінші тілдегі сөйлемнің арасына кірігіп кетеді.

Осындай құбылыс Ресейдегі башқұрт-орыс, чуваш-орыс, ұдмұрт-орыс және басқа да ұлттық тілдер мен орыс тілінің қатар қолданылу жағдайларында кездеседі. Бұл Ресейден тыс жерлерде де байқалады. Мысалы, орыс-қазақ қостілділігі мен орыс, ұйғыр және қазақ тілдері қатар қолданылатын үштілді ортада да осындай ерекшеліктер болуы мүмкін.

Татарша-орысша код ауыстыру мысалдары Да уж, ангильскые лищикы… Ә задний мусты таралмаганмы соң? Анысы күренми бит… Җибәр әле бер-икесен, в пулный руст. Татар тіліндегі төл сөздердің орнына орыс тілінен енген сөздер мен тіркестерді қолдану. Мысалы, «мужыт» ( — бәлкім), «навирны» ( — мүмкін), «потому щто» ( — өйткені), «нужәли» ( — солай ма, әлде), «канишны» ( — әлбетте), «и» ( — және), «или» ( — яки, немесе) сияқты сөздерді пайдалану. Сондай-ақ татар тіліндегі «абый» (аға) және «эне» (іні) ұғымдарының екеуін де орыстың «брат» сөзімен атау. Орыс тілінен енген сөздерді, көбіне зат есімдерді, кейде етістіктерді татар тілінің грамматикалық ережелеріне бейімдеп қолдану. Бұл ретте олардың орнына татарша баламалар пайдаланылмайды. Мысалы, «кушкасы» ( — мысығы), «сабакылар» ( — иттер), «званит итәргә» ( — қоңырау шалу). Татар тілінде сөйлегенде орыс тіліндегі сын есімдерді қолдану. «Банд’Эрос» тобының әніне әзіл түрінде сілтеме жасау: «Она хотела бы жить на Манхэттене, но киләсе тукталыш Минсельхоз урамы…» («Ол Манхэттенде тұрғысы келер еді, бірақ келесі аялдама — Ауыл шаруашылығы министрлігі көшесі…»).

Тағы қараңыз Қазақ-орыс қостілділігі Башқұрт-орыс қостілділігі

Дереккөздер

Санат:Татар тілі Санат:Әлеуметтік лингвистика Санат:Қолданбалы лингвистика Санат:Ресей тілдері